ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мақсаты:

Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;
Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту;
Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу;
Еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау;
Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
Білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.

Тәрбие жұмысының негізгі құндылықтар топтамасы


  • Тәуелсіздік және Отаншылдық
  • Бірлік және Ынтымақ
  • Әділдік және Жауапкершілік
  • Заң және Тәртіп
  • Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
  • Жасампаздық және Жаңашылдық

Тәрбие жұмысының негізгі жобалар топтамасы


  • «ҚАМҚОР» - әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН» - білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «SMART BALA» - инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ШАБЫТ» - білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» - тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» - кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.
2024-2025 оқу жылына арналған мектептің тәрбие жоспраы
https://jmp.sh/s/j9us6C12Aji44fQlLPk8